Шымкентте учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақтағы азаматтармен профилактикалық жұмыстарын жүргізу барысында, азаматшаның уайымын босқа қалдырған жоқ
Шымкент қаласының азаматшасы қол қөтеріп, балағат сөздер айтып, қауіп төндіріп жүрген өзінің азаматтық некеде тұрып жатқан жұбайы туралы Әл-Фараби ауданының учаскелік инспекторымен бөліскен, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Учаскелік инспектордың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында мен сау және тірі қалдым. Дәл осындай жұмыс нәтижелерінен кейін, өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, антқа адал және біздің Отанымыз, азаматтарға қиын жағдайда көмекке келетін полиция қызметкерлерінің арқасында Қазақстан полициясының оң имиджі қалыптасады», — дейді азаматша.
Азаматшаның өтініші бойынша полиция департаментінің бастығы Думан Таев жергілікті тұрғынды қатыгез жұбайынан құтқарып қалған Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының полиция капитаны Ауелов Марлен Турганбековичті алғыс хатпен марапаттады.
© Didarbek.kz