Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА БАС ҚОСТЫ

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА БАС ҚОСТЫ

Отырар ауданы, Ынталы ауылындағы «Жеңіс» саябағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акцияның аталған саябақта өтуінің де маңызы ерекше. Ауданның Құрметті азаматы Айтқұлбек Сұлтановтың демеушілігімен салынған саябақ Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған Отырарлық жауынгерлердің құрметіне салынған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар, білім және мәдени сала қызметкерлері, жас мемлекеттік қызметшілер мен аудан әкімінің м.у.а Ж.Сейтжанов, аудандық мәслихат төрағасы У.Ұзақов, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық мәслихат депутаты Н.Орынбасар аға буын өкілдері ұрпақтар сабақтастығы жолында жастарға өнеге көрсетті.
Возможно, это изображение 3 человека и трава
Іс-шара барысында қоғамдық орынның сыртқы қасбеттерін бояу, әктеу, ағаштарды ақтау және ретсіз өскен ағаштарды ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шара алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу