Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №29 мектептің құрылғанына – 60 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға қалалық білім басқармасының басшысы Н.Шамшиева, қалалық мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов, мәслихат депутаттары арнайы қонақ ретінде қатысты.
Қонақтар алдымен мектеп ауласындағы Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, фойедегі көрмені аралап болған соң мектептің 60 жылдық тарихына арналған концертін тамашалады.
«Бүгін өте маңызды іс-шара өтіп жатыр. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №29 Ә. Молдағұлова атындағы мектептің 60 жылдығы атап өтілуде. Әлия – қазақтың батыр қызы. Ғұмыры өте күрделі болған. Жастайынан жетім қалып, 17 жасында Отанды қорғау үшін соғысқа аттанды. Сондықтан да біздің батыр қыздарымыздың ерлігі мәңгілік санамыздан өшпей, жадымызда жаңғырып тұрмақ. Ал, енді осындай ұлы есімді иеленген мектепте 60 жылда мыңдаған шәкірт түлеп ұшты. Ұстаздарға өскелең ұрпақты тәрбиелуде өзінің үлестерін қосып жүргені үшін алғыс білдіремін! Шәкірттеріңіз үкілген үміттеріңізді ақтай берсін» деді Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.
Мерекелік кеште ұстаздар қауымы қалалық білім басқармасының, қалалық мәслихат төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, кеште мектеп тарихы, мектепті басқарған басшылар, ұстаздардың еңбек жолдары туралы сыр шертіліп, мектеп ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара қатысушылардың барлығында ұмытылмас әсер мен терең эмоциялар қалдырды. Бұл оқиға маңызды мерейтойларды мерекелеу уақыты ғана емес, сонымен қатар подіктері мен құрбандықтары болашақ ұрпаққа жол ашқан батырларды еске алу және құрметтеу мүмкіндігі болды. Педагогтар, оқушылар мен іс-шара қонақтары арасындағы өзара іс-қимыл ұжымның рухын нығайтып, білім берудің қоғам дамуының негізгі құрамдас бөлігі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.