Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған

Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған

Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Бүгінде қаламызда денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі құралдарының бірі –ашықтық. Мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттік орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасында «Ашық бюджеттер» порталында және Басқарманың вэб сайтындағы «Азаматтық бюджет» тармағына салынып өз кезінде нақтылап өзгерту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада бір қатар қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.
Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухана 530 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 375 хирургиялық бейіндегі төсек-орын, 125 терапевтік бейіндегі төсек-орын және 30 төсектік күндізгі стационардан тұрады. Қазіргі уақытта Клиника пациенттерді емдеу кезінде көптеген диагностикалық және тактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.
Бүгінде клиника қызметкерлерінің саны 1065 қызметкерді құрайды. Оның ішінде дәрігерлер саны-249 болса, оның 9 медицина ғылымдарының кандидаты. Ал орта медицина қызметкерлері саны – 378 ол пайыздық шамада 68% құраса, дәрігерлердің санаттылығы — 47,3% құрап отыр.

Пікір жазу