Бүгін Бәйдібек ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Омаровтың жетекшілігімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, жауапты мамандар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның мүшелері қатысты.
Жиында аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Омаров Бәйдібек аудан әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес және аппарат басшысының бұйрығымен бекітілген кесте бойынша, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында бірқатар ауылдық округі әкімі аппараты мен дербес бөлімдер және мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін, нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағанын хабардар етті.
Жиынды қорытындылаған Ғалымжан Омаров әрбір қызметкерге лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуымен, қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.