Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Мас күйде көлік жүргізу — қылмыс

Мас күйде көлік жүргізу — қылмыс

Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған егде жастағы жүргізушіні ұстады.
Кезекті шақыртуға шыққан Түлкібас ауданының полицейлері ауыл көшелерінің бірінен жол қозғалысы ережесін бұзып бара жатқан жүргізушіні байқайды. Яғни полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған, көшеде ерсілі-қарсылы жүрген «Daewoo Nexia» маркалы көлікті тоқтатты.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде жүргізушінің мас күйіне күдіктенді. Сондай-ақ тексеру барысында, 53 жастағы ер адамның 2022 жылы мас халде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Жүргізушіге қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Куәландырудың қорытындысына сәйкес оның «орта дәрежелі» мас күйде екені анықталды.
Полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, екінші рет ішімдік ішіп көлік тізгіндеген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Алкогольді ішімдік – адам өмірне, қоғамға зиян. Біреулер демалу үшін ішетін болса керек. Егер кейін оның зардабын тартып, денсаулығыңа зиян болса, ондай демалыстың керегі не? Ең бастысы, айналаңа қауіп төндіріп, біреудің өміріне, денсаулығына зияның тиер болса, ең ауыры сол емес пе? Сондықтан Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодекс қатаң сақтап, тәртіпті азамат боп жүргенге жетпейді.Қонақ болып келген тұрғын, ұнатқан затын ұрлап кеткен. Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын құны 50 мың теңге тұратын дүрбісінің ұрланғаны туралы арызданды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары аталған ұрлық қылмысын жасаған күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, 29 жастағы танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ол үй иесінің дүрбісіне қызығып, байқатпастан жасырын жымқырып кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған дүрбіні тәркілеп, иесіне табыстады.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты «Ұрлық» бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр.
Полиция аккумуляторлар ұрлаған жас жігіттерді анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Сайрам ауданының полицейлері ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жас жігіттерді қолға түсірді.
▫️Белгілі болғандай, 4 күдікті жігіттер кешкі уақытта айыптұрақта тұрған көлігіне ұрлыққа түскен. Яғни олар көліктің алдыңғы терезесін сындырып, ішінен 2 дана акумуляторын ұрлап кеткен.
Ал ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктілердің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Пікір жазу