Қазіргі қоғамда адамдар тек бір саланың ғана соңынан ерсе аса көп жетістіктерге қол жеткізбеуі мүмкін. Себебі, бүгінгі қоғам әралуан саладан хабары бар, бірнеше мамандықты игерген әмбебап адамдарға мұқтаж. Әрине, адам баласының барлығы да бірдей діндар бола алмауы мүмкін. Бірақ, діни сауатты болғаны абзал. Зайырлы қазақ қоғамында Тәуелсіздік алғалы талай білім ордалары құрылып, салалық мамандықтар көбейе түсті. Солардың бірі діни білім алу мәселесі.
Осы орайда бүгін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуовтың, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Рыстайдың және «Бекзат ата» мешітінің имамы Қ.Садыбаевтың қатысуымен №1 және №2 балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері арасында «Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтандыру» тақырыптарында жиын өтті.
Кездесудің мақсаты жастарға шетелде діни білім алудың қауіптілігі мен оның зардаптарын кеңінен түсіндіру, дәстүрлі дін және жат пиғылды діни ағымдардың не екендігін ұқтыру.
Жиын соңында жаттықтырушылар мен оқушылар діни тұрғыда сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.