Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен №17 колледж бен Арыс гуманитарлы-техникалық колледінің студенттері, Арыс қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар, мәдениет саласының қызметкерлері және «Асыл жүрек» КММ-нің ұжымы арасында «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» және «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Рыстай қатысты.
Кездесу барысында тұрғындарға арнайы бейнеролик көрсетіліп, бүктемелер таратылды.
Іс-шараның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы әлеуметтік желілердің қауіптілігі мен зиян туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тұщымды жауаптар берілді.