Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының дін істері басқармасы мен Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету», «Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу» тақырыптарында Қызылқия ауыл округіндегі Б.Момышұлы, С.Сейфуллин, Ынталы және Қызылсеңгір жалпы білім беретін мектептерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар екендігін жастарға толық түсіндіру. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайтын, билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялататын, қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзатын ұйымдармен күресуде елімізде жасалынып жатқан жұмыстармен таныстыру.
Кездесуге Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қ.Салықбаев, «Кемел Ел» қоғамдық бірлестігінің М.Алимбеков және аудандық ішкі саясат бөлімі бас маманы Д.Құлыпбеков қатысты.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.  Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.
Жастарға қазіргі уақытта еліміздегі діни ахуалдың жайымен таныстыра отырып, діни экстремизм мен лаңкестікке жастардың бой алдырмауы үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде, сондай-ақ, ондай жастарды теріс пиғылға насихаттайтын ұйымдардың әліде жұмыс атқарып келе жатқандығын ескере отырып, олардан қалай сақтануға болатындығы туралы сақтық шараларында атап өтті. Сонымен қатар Бас прокуратураның ресми мәлі­меті бойынша, соңғы жылдары сот орын­дары тарапынан 15-ке жуық теріс ұйымдарға еліміздің территориясында іс-әрекет жүргізуге тыйым салынғандығын, күрестің негізгі қағидаларының бірі – халықтың қолда­уы екендігін, бұл қолдауға ие болу үшін сенімді болу қажеттілігін, сенімді болу үшін терроршыларды ұстау, оларды ұстау үшін қолында өкілеттігі мен білімі болуы, қолында өкілеттігі және білімі болуы үшін кәсіби деңгейі мықты болуы керектігінде назардан тыс қалдырмады. Осы керектердің жолында бірігіп күресуге тиіспіз дей келе, қолдауға ие мемлекет лаңкестік және экстремизм сияқты қауіп-қатерге бөгет болып, сүттей ұйыған бірлікті шайқалтуға, ел ішінде туындауы мүмкін бөлінулерге төтеп береді. Сол себепті лаңкестікпен күрес мемлекеттік органдардың ғана борышы емес, әрбір қазақстандықтың міндеті деп атап өтті.

Пікір жазу