
Департаменттің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі
Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинар барысында ауылдық округ әкімдері, жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметшілерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, қызмет алу кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді жою және азаматтарға оңтайлы, жедел әрі сапалы қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.