Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығына 760 мыңға жуық өтініш түскен

«i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығына 760 мыңға жуық өтініш түскен

Бүгінде Шымкент қаласындағы «i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығы ашылған уақыттан бастап 759 745 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» брифингте 109 ситуациялық орталығының басшысы Әміртаев Азат Ермекбайұлы баяндады.

Аталған орталықтың басшысының сөзінше, 2024 жылдың 1-тоқсанында 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркелді. Қазіргі таңда, аталған шағымдардың 97,7 пайызы орындалып, тұрғындармен кері байланыс орнатылған. Қалған арыз-шағымдар жауапты мекемелер тарапынан қаралуда. Орталық қызметкерлері күнделікті 1000-2000 аралығында қоңырау қабылдайды. Барлық қоңыраудың 78 пайызы 1 қоңыраудан шешімін тапты. Қоңырауларға орташа жауап беру уақыты – 19 секундты құраса, әлеуметтік желілерде жауап берудің орташа уақыты 3-5 минутты құрайды. i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығына келіп түскен қоңырауларды өңдеу 5 кезеңнен тұрады.

Қоңырауды қабылдап, тіркеу қарточкасы толтырылады. Орталық инспекторлары саралап, жауапты мекемелерге жолдайды. Жауапты мекемелердің қызметкерлері сәйкесінше жауап беріп, орталықтың операторлары тұрғындармен кері байланысқа шығады. Арызданушы берілген жауапқа қанағаттанса, арызы орындалса – арыз жабылады, басқа жағдайда – қайта қаралуға жолданады.

Сонымен қатар, орталық 123 мемлекеттік мекемелермен бірлесе қызмет атқарады. Олар: 22 басқарма, 5 аудан әкімдігі, 7 монополист мекемелер, 71 денсаулық сақтау ұйымдары, Төтенше жағдайлар департаменті және өрт сөндіру қызметі, СЭБД (СЭС), 10 – лифтқа қызмет көрсетуші мекемелер, 4 қоғамдық көлік компаниялары, Тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарымен бірлесе жұмыстарды атқарады.

Пікір жазу