Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Шымкент қаласы, №52 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Мухаметкул Асем күні кеше Атырау қаласында өткен, жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында таэквондо (WT) спорт түрі бойынша, 59 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
2020-2021 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында 55 кг салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, чемпион атанған.
2024 жылыАраб Әмірліктері Фуджейра қаласында өткен «Fujairah open 10» турнирінде жүлделі ІІІ орын алған.
2022 жылы Бишкек қаласында өткен халықаралық SC «Dream Taekwondo Team» тунирінде жүлделі ІІ орынмен марапатталған.
№52 мектеп-лицейінің мақтанышы Мухаметкул Асем алдағы уақытта Әлемді мойындатып, биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз.
Айта кететін, «Саламатты болашақ»деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға бейімделген дене шынықтыру және спорт әлеміне жол ашады.
Ерекше жағдайдағы балаларға қолдау көрсету қашанда маңызды. Осы орайда шаһарымызда сауықтыру орталықтары жұмыстарын қарқынды жүргізіп отыр. Мүгедектігі бар балалардың көпшілік ортада болып, басқа балғындармен араласуына мүмкіндік жасауда, оларға моральдық, материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде түрлі жобалар да іске асырылуда. Сондай жобаның бірі- «Саламатты болашақ»деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға бейімделген дене шынықтыру және спорт әлеміне жол ашады. Сондай-ақ, кешенді тәсілге бағытталған, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін және спортпен жыл бойы жүйелі шұғылдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың әлеуметтік интеграциясына, физикалық оңалтуына, дене мүмкіндіктерін қолдауға және денсаулығын нығайтуға ықпал етуге арналған.

 

 

Пікір жазу