Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайы дәстүрлі түрде Шымкент қаласы мектептерінің рәміздік топтары арасында аудандық байқау өткен болатын. Аудандық байқау жеңімпаздарымен «Ең үздік рәміздік топ» байқауының суперфиналы Оқушылар сарайы базасында өтті.
Туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.
Жас ұрпақ елдің қуатты қозғаушы күші екенін ескерсек, мемлекеттік рәміздерді жастар ортасында танымал етуге ерекше назар аудару керек. Мысалы, жастар арасында жаппай көшеде, спорт және мәдени, мекемелер мен оқу орындарында (мектепке дейінгі балалар, мектеп оқушылары, студенттер, жұмыскерлер ұжымдары және т.б.), сондай-ақ әлеуметтік желілерде әртүрлі флешмобтар ұйымдастыру қажет.
Іс-шара 6506 әскери бөлімі оркестрінің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды. РҚБ «Жас ұлан» ұйымының туы жиынға енгізілді. Байқауда рәміздік топтар саптық жаттығу жасап; дабыл үнімен бір мезгілде жүруді бастап және аяқтап; дабылшылар берілген 5 маршты ойнады. Орталық Азия инновациялық институтының әскери дайындық факультетінің студенттері саппен жүріп өтті және «Рух» әнін орындады. Қатысушы командалардың барлығы саптық патриоттық әндер орындады. ІІ кезеңінде топ басшысы мен топ мүшесі Калашников автоматын берілген уақытқа шашып жинады.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде — №87 жоббм, І орын — №99мг; ІІ орын — №66 «Қазығұрт» жоббм, ІІІ орын — №68 жоббм, белсене қатысқаны үшін – Хамза атындағы №42 жоббм пен В.Терешкова атындағы №31жоббм рәміздік топтары иеленді.
Топтың Калашников автоматын берілген уақытқа шашуы және жинауы жеке бағаланып, Бас жүлдені №68 жоббм оқушысы К.Пердебек және Хамза атындағы №42 жоббм С.Сабиржанов; І орын — №87 жоббм Н.Қаршыға мен Е.Әбдікамал , ІІ орын — №66 «Қазығұрт» жоббм А.Абужапбар мен Ұ.Аманбай, ІІІ орын — №99 мг И.Айдарбек пен пен В.Терешкова атындағы №31жоббм А.Шарманова иеленді.
Жеңімпаздар Қосымша білім беру оқу салалық орталығының мадақтама қағазымен марапатталды. Жүлделі орын иегерлеріне кубоктар табысталды.