Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте грант бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізіледі

Шымкентте грант бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізіледі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Жанат Өтебаева қайтарымсыз грант туралы кеңінен айтып өтті. Әлеуметтік осал топтардың бинес-жобаларын жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз грант алу үшін үміткер өтінім бергеннен кейін арнайы құрылған комиссия алдында өз идеясын қорғауы тиіс. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.

– Комиссия мүшелері бизнес жобаларының өміршендігі, экономикалық өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы қарап қорытынды шығара отырып, хаттама түзеді. Осы орайда грант иегері болғаннан соң қойылатын біршама талаптар бар. Ең алдымен грант иегері ұтқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті. Кәсібі жайында business.enbek.kz порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай бойы тоқсан сайын растап есебін тапсырады, — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева көшбелі брифингте. Спикердің айтуынша, грант алушыға қаражаттың нысаналы мақсатты пайдалану бойынша Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Қаражат мақсатсыз жұмсалған жағдайда қаражат толық қайтаруға жатады.

– Грант қаражаты тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және жер учаскелерін сатып алуға берілмейді. Биылғы грант кағидасына өзгерістер енгізіліп отыр, ол комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланады және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдана отырып түсіріледі, — деді ол. Сондай-ақ, 20-31 мамыр аралығында Еңбек мобильді орталығының инстаграм желісіндегі @ctm_shymkent парақшасында мамандар күнделікті тікелей эфирге шығады. Қала тұрғындары өздерінің толғандырған сұрағын эфир барысында жолдауына болады.

Пікір жазу