Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы брифингі өтті. Басқарма басшысы Нұргүл Ақылбекқызының айтуынша, биыл Шымкент қаласында 11 сыныпты 13 286 оқушы, 9 сыныпты 21 780 оқушы бітіреді (2022-2023 оқу жылы бітіруші саны 11 сыныпта 11 653 оқушы, 9 сыныпта 21 485 оқушы болған).
Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде (3 мектептің (Damu education, Samal Primary, Cүйінші) жұмысы уақытша тоқтатылған) 259 147 оқушы білім алуда. Мемлекеттік 150 мектепте 206 177 оқушы, жекеменшік122 мектепте 52 970 оқушы оқиды (2022-2023 оқу жылы 246 мектепте249 544оқушы оқыған). Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2024 жылғы30 сәуірдегі №05-1-05-4/3005-И санды хатына сәйкес мамыр айы «ЫНТЫМАҚ АЙЫ» болып жарияланды.
Айлық аясында: 3-мамыр «Таза Қазақстан» челенджі (1-11 сынып); 10-мамыр «Игі істер» акциясы (1-11 сынып); 17-мамыр «Каникулда кітап оқиық» буккросингі (1-11 сынып) өткізілсе, 24-мамыр «Білімім-Отаныма» бірыңғай тәрбие сағаты (1-11 сынып); 24-мамыр «Мен. Мектеп. Ұстаз» эссе жазу (9-11 сынып) іс-шаралары өтетін болады. Ал 25 мамыр күні 11-сыныпты бітіруші 13 286 түлекке соңғы қоңырау іс-шарасы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани адамгершілік деңгейінде өткізілетіндігін жеткізді 25 мамыр күні білім беру ұйымдарында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізіледі.