Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу мәселелері өзекті болып тұр

Шымкент: жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу мәселелері өзекті болып тұр

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Мелес Сейтжановтың модераторлығымен өткен жиынға Палата басшылығы, кеңес мүшелері, қалалық прокуратураның, қалалық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының жетекшілері қатысты. Кеңесте кәсіпкерлер үшін өзекті тақырып – жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу мәселелері қаралды. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Майя Исаеваның айтуынша, бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып тұр.

Палатаға түсетін арыз-шағымның жартысына жуығы осы салаға қатысты. «Бірнеше азаматтық істі зерделеу нәтижелері бойынша сотқа дейінгі келісу рәсімі өткізіле бермейтіні анықталды. Ал ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңында даулы мәселелерді келісім комиссиясының алаңында қарау көзделген, бұл сот органдарына жүктемені едәуір төмендетіп, мемлекет мұқтажына алу рәсімін жеделдетер еді. Мысалы, 2021-2024 жылдардағы азаматтық істерді зерделеу нәтижесінде анықталғаны, өтемақы төлей отырып жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу бойынша азаматтық істердегі арыз-шағымдардың барлығы дерлік қанағаттандырылатыны белгілі болды, бұл ретте төлемақы 10-20%-ға артық төленеді», – деді Майя Исаева.

Палата директоры орынбасарының айтуынша, азаматтық істерді зерделеу кезінде жер учаскелері ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңында көзделген алу рәсімі өткізілгенге дейін мемлекеттік мұқтажы үшін алыну фактілері анықталған. Палатада бұған дейін осыған ұқсас жағдайлар бойынша өтініш қаралған және бұл жолы тағы бір кәсіпкер көмек сұрап отыр. Кеңес мүшелері егер тиісті басқармалар даулы мәселелерді келісім комиссиясының алаңдарында талқылау практикасын қолданса, сотқа шағым азаяр еді деген пікір білдірді.

Пікір жазу