Құрылымның қызметі мардымсыз. Оны Ішкі істер департаментінің қарауына қайтару керек. Жергілікті полиция қызметінің басшысы да жұмыс істеудің орнына өзін жарнамалаумен айналысып кетті. Бұл жағдайды тоқтату қажет!..
Жергілікті полиция қызметі туралы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов осындай пікірін білдірді. Оны облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдеханов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қолдады.
Учаскелік инспекторлардың жұмысын да сынға алған прокуратура басшысына полиция өкілдері уәж келтірмек те болды. Дегенмен…
Өз тілшімізден