Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әр саланың майталман мамандарынан және кәсіпкер әйелдер мен іскер қыз-келіншектерден құралған «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерін қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйым мүшелеріне әрбір атқарып келген игі шаралары үшін алғыс айтып, еркін тақырыпта пікір алмасты. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.
«Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова ұйымның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Бірлестіктің 10 жылдық мерейтойына орай шығарылған журналды көпшілікке ұсынып, жаңа журналдың лентасы қиылды.
Айта кетейік, бірлестік әр жылы аудан аумағындағы түрлі қоғамдық шаралар мен қайырымдылық акцияларға белсене араласып келеді. Қайырымды, белсенді қыз келіншектерден құралған бірлестік заңды тұлға ретінде тіркелген. Ұйым арнайы түзілген іс-шара жоспарына сәйкес қамқорлық акциялар мен қоғамдық іс-шараларға мейірімді жүректерімен атсалысып келеді.
© Didarbek.kz