Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды

Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан облыс аумағында қылмыстың алдын алу, қылмысты болдырмау және қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілуде.

Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе куәландыру бойынша 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында Сауран ауданының полицейлері қызыл куәлікпен жүрген тұрғынды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті.
Яғни, ер адамның жеке басын куәландыратын төлқұжатын 1993 жылдан бері ауыстырмай, ескі үлгідегі төлқұжатпен жүргені анықталды. Амиралхан Аяпов өзінің отбасылық жағдайына байланысты жаңа құжат алуға мүмкіндігі болмаған. Ал полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде жаңа төлқұжатын рәсімдеп берді.
Өз кезегінде тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.
«Осы уақытқа дейін ескі құжатпен жүрген едім. Ал көші-қон қызметкерлерінің арқасында қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді.

Полиция аккумулятор ұрлаған ер адамды ұстады. Шардара полициясы ұрлық қылмысын ашты. Яғни аккумулятор ұрлаған 49 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай ер адам күндізгі уақытта қылмыстық оймен бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, сарайының алдында тұрған аккумуляторды ұрлап кеткен. Ол ұрланған затты металл қабылдайтын орынға өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Түркістанда полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды. Түркістанда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Түркістан қалалық полиция басқармасының “102” тетігіне таңғы сағат 06:30 шамасында С.Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, істің мән-жайын анықтауға тырысты. Оқиға орнына жеткен полицейлер қолында тасы мен әйнекке мойнын тосып, жақындаса өзіне қол салатынын айтып қорқытқан ер адамды көріп, райынан қайтару үшін оны әңгіме тартты. Яғни оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастады.
Алайда өзін жөнсіз ұстаған ер адам ашуға булығып, қарсыласа бастады. Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып тұрып, оған байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер жылдамдықпен ұстап қалды.
Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция спорт дүкенінен киімдер ұрлаған 3 жігітті ұстады. Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігіттерді қолға түсірді.
Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған.
Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.
Қазіргі таңда күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Бейбіт күні қызмет бабында қаза тапқан полицей әріптестеріміз қаншама. Соның бірі 1997 жылы 8 наурызда қызмет барысында қылмыскердің қолынан ерлікпен қаза болған Шардара аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкері лауазымында қызмет атқарған полиция старшинасы Асқар Рүстембекұлы Жәрдембаевқа арналған өмірлік және кәсіби жолдары сипатталған «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» батылдық бұрышы ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімдігі, полиция және мектеп ұжымы қатысты. «Біз өз қызметіне адал болған, ел тыныштығы үшін өмірін қиған әріптестеріміздің аруағының алдында бас иеміз. Олардың ерлігі бүгінгі полицейлерге үлгі. Ішкі істер органына келген әрбір жас осы тақта алдында Отан үшін ант береді»- деді ауданның бас полицейі Шералы Әділханұлы.

Облыстық полиция қызметкерлері алаяқтардан сақтанудың әдістерін халыққа кеңінен тсүіндіруде.  Азаматтарды алаяқтардан сақтандыру мақсатында, полицейлер профилактикалық шараларды қарқынды атқаруда.
Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда тұрғындарға алаяқтық қылмысының түрлері, жасалу жолдары туралы айтып, оның алдын алу әдістерін кеңінен түсіндіруде.
Патрульдік полиция инспекторлары жүргізушілерге жадынамалар таратып, барынша сақ болуға шақыруда. Адамдар көп шоғырланатын орындарға ескерту парақтарын ілуде.
Бүгінде алаяқтар ұялы телефоныңызға қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін алдау арқылы ұсынып, ақырында есепшотыңыз бен депозитіңіздегі қаржыңызды сыпырып алады.
Сондықтан мұқият болып, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында полицейлер сенбілікті жалғастыруда. Тазалық – денсаулық кепілі дегендей, түркістандық тәртіп сақшылары осы аптада да сенбілік өткізді. Тазалық жұмыстарын жүргізуге Созақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы шығып, барынша белсенділік танытты. Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен өңір тазалығы үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.
Айта кететін, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Полицейлердің бір тобы бөлімнің ауласындағы шөптерді шауып, қоқыс жәшігіне жинаса, келесілері ауланы сыпырып, ағаш түптерін ақтады, қоршауларды сырлады.

 

Пікір жазу