Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІК ДИЗАЙНЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

ШЫМКЕНТТІК ДИЗАЙНЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Дизайнер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігіс тігудің қыр-сырын үйретуде. Күнделікті сұранысқа ие төсек жабдықтары мен перделердің сан түрлі үлгілерін меңгерген. Жұмыспен қамту шаралары аясында арнайы курстардан өткен қала тұрғыны былтыр қайтарымсыз грант қаржысы арқылы шағын кәсібін үлкен оқу орталығына айналдырды.
Ж. Өскенбайқызы 20 жыл бойы Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінде оқытушы болып қызмет еткен. Елімізде алғаш рет қайтарымсыз грант беріліп жатқанда таныстары оған тігін тігуді үйретуін сұрап, сол арқылы бизнес-жоба қорғауға ниетті екенін айтқан. Жаңа бастаманы ол декреттік демалыста қолға алған.
— Сол кездегі шәкірттерім тігін бойынша грантқа өтінім беріп, комиссияда жобасын қорғады. Бүгінде өз кәсіптерін ашып, көлемді тапсырыстар алып отыр. Уақыт өте келе тігіншілік бет бұрған қыз-келіншектердің саны артты. Аядай ғимарат тарлық етіп, тігін құрылғылары да жеткіліксіз болды. Мен де бизнес-жобамды ұсынып, көпбалалы ана ретінде қайтарымсыз грантқа өтінім бердім. Комиссия бизнес-жобамды бірден мақұлдады. Қаражатқа өндіріске арналған автоматтандырылған тігін машиналары мен құрылғыларды, маникендер сатып алып, үлкен оқу орталығына айналдық, — дейді шебер.
Бүгінде кеңейтілген оқу орталығында келісім-шарт негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Дизаин» факультетінің студенттері өндірістік пәндер бойынша сабақ беруде. Болашақ мамандар конструкциялау, модельдеу бағыттарынан бөлек құрақ құрау, кесте тігу секілді ұлттық қолөнер түрлерін де үйретуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласында биыл екі лек негізінде 426 адамның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Алғашқы лек бойынша 20-31 мамыр аралығында өтінімдер қабылданып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеген болатын.

Грантқа өтінім беру үшін төмендегі санат қатарында болуы қажет. Оларға – атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көп балалы, оның ішінде балалардың ең үлкені 23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік колледжд студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасылар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.

Пікір жазу