Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ 30 МАМЫРДА ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ 30 МАМЫРДА ӨТЕДІ

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады».
Биыл акция Шымкент қаласында Арбатта (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат 16.00-де басталуы жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Айта кетсек, республикалық «Халық заңгері» акциясы дәстүрлі іс-шараға айналып келеді, ал оған алғыс білдіретін қазақстандықтар қатары артуда. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8 мыңнан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 мыңнан астам азамат консультация алды.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.
Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады. Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Пікір жазу