Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген

Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген

Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тырысқақ және өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу» баспасөз конференциясы өтті.
Эпидемиологтар сонымен қатар халық арасында ЖІИ тіркелуінің тырысқақтың таралуына да әсері орасан дейді. Тырысқақ (лат. cholera) — тек адамнан адамға ауыз-нәжістік жолмен жұғатын (антропонозды), қоздырғышы вибрион, өте жоғары жұғымды аса қауіпті карантинді жіті ішек жұқпасы. Вибрион суда, ашық су қоймаларында, тағамда бірнеше айға дейін сақталады екен. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыштар. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады. Вибрион ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге, жалпы уланумен тоқтаусыз құсуға әкелетін экзотоксин бөледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық жоғалта бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін. Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – 1 күннен 5 күнге дейін.
– Ауру таралуының негізгі себебі таза судың тапшылығы немесе жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауынан болады. Ауырған науқастарды және осы ауруға күдікті науқастарды оқшаулап, дәрігерге дер кезінде көрсетіп, тағайындаған емін алу керек. ЖІИ науқастың ауырлық жағдайына қарай ауруханаға жатқызуын немесе амбулаториялық емделуін дәрігер шешеді. Үй жағдайында амбулаториялық емделген кезде жеке бастың тазалығын қатаң сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, көпшілікке жұқтырмаудың амалдарын қарастыру керек. Әр ауырған науқас өз бетінше емделуден аулақ болуы керек! Тек, дәрігер ғана дұрыс диагноз қояды, емдеу жолын қарастырып, емдеуді тағайындайды және қолайсыз жағдай тудырмаудың жолын біледі. Тырысқақпен ауырғандарды тез арада оқшаулап, ауруханада емдейді – дейді санитар дәрігер.
Жеке бас тазалығының ережелерін сақтау, ас дайындауда – өңдеу, тасымалдау мен сақтау ережелерін орындау, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін қолды өте мұқият тазартып жуу, тұрғылықты жерлердің, үй маңын таза ұстау, тез бұзылатын кондитерлік өнімдерді, әр түрлі салаттарды, дайындалған ыстық тағамдарды, азық-түліктерді тоңазытқышта дұрыс сақтау, жеміс-жидектерді пайдалану алдында тазартып жуу және қайнаған сумен шаю, шыбындарды жою сияқты тазалықты сақтаумен қатар жаз айларында ашық су орындарында шомылғанда еріксіз суды жұтып, жанасу арқылы ауру жұқтыру қаупі жоғары, сондықтан рұқсат етілген шомылатын орындарда шомылған жөн.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Пікір жазу