Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте 400-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

Шымкентте 400-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны артқан. Шымкент қаласында 2022 жылы 130 ұйым қызмет көрсеткен болса, бүгінгі таңда 190 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, 156-сы жекеменшік медициналық ұйымдар. Ең бастысы халықтың таңдау құқығы бар.
Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында мәлім етті.
Спикердің айтуынша, жекеменшік медициналық ұйымдардың ішінде 89 стоматологиялық мекеме МӘМС шеңберінде қызмет көрсетуде. Балалар мен жүкті әйелдер олардан жоспарлы стоматологиялық көмек алуға құқылы.
Ал, шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар; жүкті әйелдер; Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар; Атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен зейнеткерлер; жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар; ерекше баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтарға көмек көрсетіледі.
Шымкентте биыл 4 айда МӘМС қаражатының есебінен 400,-ден астам науқасқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген.
Атап айтқанда, аруханаларда ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде және бүйрек, бауыр трансплантациясы мен басқа да ауруларда қымбат бағалы күрделі ота түрлері жасалған.
Сәбит Райымбекұлының айтуынша, МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда. Мәселен, соңғы 4 жылда 13 науқасқа құны 77 миллион теңге тұратын жасанды жүрек отасы жасалған. Жалпы, биыл 1500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету жоспарланған.

Пікір жазу