Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Бүгін Шымкент қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті. Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Қазіргідей цифрлық дәуірде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті жоғары, эрудициясы терең, креативті идеяларға ие жас буынның мемлекеттік қызметте білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән берілуде.
Болашақ мамандардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, әкімдіктің жұмысымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға келген студенттерді қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.Асанбаев қарсы алды. Олар «Ashyq akimdik» форматында іске қосылған фронт-офиспен және қала әкімі аппаратындағы бірнеше бөлімнің жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, аппарат қызметшілері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған еркін форматтағы дөңгелек үстелде мемлекеттік орган жүйесінің құрылымы мен мемлекеттік қызметке орналасу қағидалары түсіндірілді.
Сонымен бірге, Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Шымкент қаласының Білім басқармасының мамандары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі –бала құқықтары жөніндегі уәкілі, №1, №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының басшылары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры, Қосымша білім беру оқу салалық орталығының әдіскері және Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында қоғам мәселесіне айналған бала тәрбиесі, қоғамдағы рөлі, бала психикасымен жұмыс жасау жолдары талқыланды.

Пікір жазу