Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, кәмелетке толмағандар арасында суицидті алдын алу шаралары мен өзге де мәселелер қаралды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы М.Ақылбектің айтуынша, жер учаскелерін заңсыз иеленген, мақсатсыз пайдаланған 112 жеке және заңды тұлғадан 27 млн. теңгенің айыппұлы өндірілген. Кала басшысының бастамасымен саябақтар мен аллеяларға, заңсыз жер телімдеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілген.
Мәжіліс барысында қала әкімінің орынбасары С. Құранбек кәмелетке толмағандар арасында суицидті алдын алу шараларын баяндады. Ата-ана, оқушы-мектеп байланысын қалыптастыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» мен «Даналық мектебі» құрылды. Білім беру ұйымдарында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Ұлдар клубы», «Қыздар клубы» жобалары іске асырылуда.
Возможно, это изображение 3 человека
Балалар өмірі мен денсаулығының аса маңызды екеніне тоқталған қала әкімі жауаптыларға жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар олардың қауіпсіздігін қамтасыз етуде профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу