Жеке және заңды тұлғалар назарына!
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік обьектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін сақтау және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 12- бабына сәйкес, тұқымдық және отырғызу материалдарын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мақсатында, Шымкент қаласының аумағында республикалық «КӨШЕТ» акциясы жарияланды.
Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы мамандары Шымкент қаласы аумағына әкелінетін, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерлерде және мүдделі мемлекеттік органдардың келісімінсіз, жеке және заңды тұлғалардың сауда-саттықты жүзеге асыратын орындарда тұқымдық және отырғызу материалдарына карантиндік обьектілермен және бөтен текті түрлермен залалдануын, сондай-ақ отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру-қарау жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалар Шымкент қаласының аумағына басқа облыстар мен шет елдерден көшеттік, тұқымдық және отырғызу материалдарын міндетті түрде сертификатпен әкелінуін ескертеміз!
Аталған құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы «Өсімдіктер карантині туралы» заңының 13-бабы, 5-тармағы және 2010 жылғы 18 маусымындағы Кеден одағының комиссиясы №318 шешімімен бекітілген Еуразиялық Экономикалық Одақтың кеден шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды іске асыру тәртібі туралы Ережесінің ІІІ тармағы 3.2,3.3,3.7-тармақшалары бойынша және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 400-бабы бойынша тиісті шаралар қолданылып, әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын назарларыңызға жеткіземіз.
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы бойынша
аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині бөлімінің басшысы
С.Әлібеков.