Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сұлтанбек Қожанов ескерткіші маңында еске алу рәсімі өтті

Сұлтанбек Қожанов ескерткіші маңында еске алу рәсімі өтті

Ел тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. Халқымыз қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.
Бүгін 31 мамыр- саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Сұлтанбек Қожанов ескерткіші маңында еске алу рәсімі өтті.
Іс-шараға С. Қожановтың немересі Сұлтанбек Қожанов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шарада қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев: «Бұл күн біз үшін өткенімізге қарап сабақ алатын, ұлағатын ұғынатын күн. Біз осындай талайлы тарихты бастан кешкен ел ретінде тұлғалы азаматтарымыздың ғылымның, білімнің, өркениет пен мәдениеттің, ұлттың сақталуы жолында жасаған қадамдары мен еткен еңбектері ұмытпауға тиіспіз»,- деді өз сөзінде.
Рәсім соңында саяси қуғын- сүргін құрбандары бір сәт еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.
Саяси себеппен 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары болған.

Пікір жазу