Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталғандығын назарларыңызға жеткіземіз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі.
Осы конкурсқа белсенділік танытып, қажетті құжаттарыңызды 15-маусымға дейін Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан Еңбекші ауданы әкімі аппаратының №104 кабинетіне келіп тапсыруларыңызға болады.
Анықтама үшін телефондар +7 (7252) 53-27-42; +7 707 692 74 19,
Жұмыс уақыты: дүйсенбі –жұма күндері сағат 09:00-19:00-ге дейін, үзіліс: сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.
© Didarbek.kz

Пікір жазу