Қатынкөпір шағын ауданында Абай ауданы әкімі аппараты және Жергілікті полиция қазметкерлері мен бірге түнгі рейдтік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрақты рейдтік іс-шара барысында кәмелет жасына толмаған балалардың ата-анасының рұқсатынсыз түнгі уақыттардағы беймезгіл үйден тыс жерлерде жүрген 18 жасқа толмаған 9 бала анықталды. Анықталған балалардың ата–аналарын шақыртып хаттама толтырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілеріне де Еңбек кодексінде көрсетілгендей кәмелетке толмағандармен жасалған еңбек шарты талаптарын сақтауға шақырды. Іс-шараның мақсаты құқықбұзушылықтың алдын алу. Аталған бағыттағы іс-шара өз жалғасын табады.
© Didarbek.kz