Қазақстанда көп балалы аналар деп төрт және одан да көп баласы бар әйелдерді айтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал алты және жеті бала туғандарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» наградалары тағайындалады. Бүгінде қаламызда 870 алтын алқа және 1693 күміс алқа иегері бар.
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова отбасының берекесі мен ұйытқысы боп отырған бір топ көпбалалы аналарға алтын алқа және күміс алқалармен марапаттап, төсбелгілері мен куәліктерін табыстады.
Шаһар басшысы ел демографиясына үлес қосып жүрген кеңқұрсақты аналарға ізгі тілегін жеткізіп, ананың жанұядағы, тәрбие берудегі маңызын атап өтті.
Өз кезегінде марапатқа ие болған ардақты аналар ізгі ниеттерін жолдады.
Осынау айтулы күнде әр отбасының түтінін түтетіп, шаңырағын шайқалтпай, әрбір жанұяның ырыс-құты мен берекесін кіргізіп отырған асыл аналарымызға мықты денсаулық тілейміз.
© Didarbek.kz