Aудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жиынға аудан басшысы Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов, «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Оңтүстік ауыз су» филиалының бас инженері Б.Жамбосинов, «Қазсушар» РМК Сарыағаш аудандық филиалының директоры Т.Нургалиев, аудан әкімінің орынбасары М. Байгабулов, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Комиссия отырысын аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов жүргізіп, күн тәртібіндегі ауыз су мәселесіне тоқталды.
Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып шешудің нақты ұсыныстар айтылып, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. «Қазсушар» мекемесімен әкімдік бірлесе отырып тозығы жеткен құбырларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
© Didarbek.kz