Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленген, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек, больница и текст
Осыған орай Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Нұранның, ауданның бас дәрігері Бекзат Слановтың, медицина саласының ардагерлері Кәрібай Досанбаевтың, өзге де медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара болып өтті.
Іс-шара барысында Серік Алтынбекұлы:
— Дені сау ұрпақ – ел болашағы. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында денсаулық сақтау саласын ерекше айтып жүр. Бұл бағытта ауданымызда атқарылып жатқан істер де аз емес. Былтырғы жылы аудандық орталық ауруханада оңалту орталығы мен Компьютерлік томографиялық кабинет ашылып, аудан көлемінде 3 фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген еді. Бүгінде, ауданымызда орналасқан шалғай елді мекендерге медициналық нысандар салу қарқынды жүруде. Бұл қуантатын жағдай. Аудан халқы да күн санап көбейіп келеді. Медицина саласының осындай қарқынмен дамуы барша азаматтарымыздың денсаулығының жақсаруына және өмір жасының ұзаруына өз септігін тигізері сөзсіз, — дей келе барша ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Возможно, это изображение 3 человека, телевизор, отдел новостей и текст
Жиын барысында медицина саласында елеулі еңбек етіп, адам жанын ажалдан арашалауға септігін тигізіп жүрген бірқатар қызметкерлерді арнайы аудан әкімінің, мәслихаттың және басқа да ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу