Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара қатарынан екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл -күй сыйлады.
Шараның алғашқы күні “Этноауыл”аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Сарыағаш ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Келесі күні ұлттық спорттық ойын түрлерінен, атап айтсақ, қошқар көтеру, алыптар сайысы, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, қазақ күресі сынды түрлі ойындардан жарыстар өткізілді. Ойын жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.
Возможно, это изображение 7 человек, помост и текст
Шараның екінші күні «Керуен сарай» туристік кешенінде аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала- концертке аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Концерт барысында «Еркетай» би тобы, «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблі, «Назар тобы», Фархат Ескенеев, Глафира Богатова, Нұрлыбек Бұқарбай, Нұрсейіт Шырынхан, Дастан Шәріпбай, Бекзат Есалы, Ержан Исақов, Әлжан Шекербеков, Сәнім Исакқызы, Сая Бектұрсын, Хабиба Бауыржанқызы, Мадина Асқарова және тағы басқалар өнер көрсетті.
Возможно, это изображение 3 человека, люди танцуют и текст
Айта кетсек, фестивальдің мақсаты — ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады. Өнер байқауы жаз бойы өткізіліп, күз айларына дейін жалғасады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу