Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Aудан ортылығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі күніне орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Шара барысында ҚР Мемлекеттік Әнұраны әуелете шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жеке құрам мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ізгі тілегін арнап, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқан қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жеке құрамды антқа адал болуға, халыққа сапалы қызмет етуге шақырып, мықты денсаулық тіледі.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев мерекелік құттықтауын жеткізіп, отставкідегі полиция майоры, ҚР Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Дуанаев Беркінбай әрбір қызметкер өз міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеріне өз сенімін білдірді. Бірқатар жеке құрам қызметкерлеріне мен сала ардагерлері аудан прокурорының, «Аманат» партиясының Созақ аудандық филиалы төрағасының, облыстық Ішкі істер органдарының және Ұлттық Ұлан ардагерлер ұйымының төрағасы мен аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хаттары мен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің құттықтауы табыс етілді.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Салтанатты шараны аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әнмен өрнектеді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу