Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕЛЕСТЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 7 ОТБАСЫҒА ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КЕЛЕСТЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 7 ОТБАСЫҒА ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

‍♂️Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Эльмира Есенкулова халық арасында профилактикалық шаралар атқарып, қабылдау ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдау барасында Келес ауданы аумағында, бүгінгі күнде отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматшаларды қабылдап, құқықтық, психологиялық көмектер көрсетілді. Қабылдауға келген 7 отбасының мәселелері тыңдалып, тиісті деңгейде психологиялық көмек көрсетілуі үшін «Отбасын қолдау» орталықтарына жолдады. Осы орайда қабылдауда болған қатысушыларға Жаңа Заңның талаптары түсіндіріліп, ескерту жұмыстары жүргізілді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу