Aудан әкімі Азат Оралбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы алдымен Шұбарсу ауылын ауыз сумен қамтудың 4,5 кезеңдері бойынша жүріп жатқан жұмыстардың барысын көрді. Сондай-ақ Азат Әбдіғалиұлы Амангелді ауылында болып, ондағы газ тарту жұмысымен танысты. Аталған жұмыстарды жүргізіп жатқан мердігерлерге сапаға және мерзімдеріне баса назар аударуды тапсырып, салалық бөлімнің басшысына, ауыл әкімдеріне бақылауды күшейтуді міндеттеді. Сонымен қатар тазалық, көгалдандыру жұмыстарын күн тәртібінен түсірмеуді тілге тиек етті.
Аудан әкімі “Шәмші аллеясында”, “Этноауылда”, Ынталы-Абасов көшесінің қиылысында, Жылы судың алдында, Темірлан елді мекеніндегі Түркістан бағытына шыға берісте абаттандыру жұмыстарына бақылау жүргізді. Одан бөлек Самал м/а тұрғын үйлердің және Қажымұқан атындағы тарихи-мәдени спорт кешенінің құрылыс алаңдарында болды.
© Didarbek.kz