Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция аясындағы сенбілік бүгін де аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде де жалғасын тапты. Тұрғындармен қатар барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері қатысқан сенбілікте орталық көшелердегі бей-берекетсіз шашылған қоқыстар тазаланып, ретсіз өскен арам шөптер оталды.
Соынмен қатар, бүгінгі сенбілікке «Мұрагер» Бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардагерлері Республикасық қоғамы бірлестігінің Отырар ауданы бойынша филалының өкілдері қатысып, туған жердің тазалығына біркісідей атсалысты.
Жалпы 300-ге жуық адам қамтылған шарада 10 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.
Барша аудан тұрғындарын экологиялық акцияға біркісідей атсалысып, туған жерімізде тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз.
© Didarbek.kz