Қазіргі таңда жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында азаматтардың қоғамдық қабылдауға қатысуы қалыпты үрдіске айналды. Тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді тиімді шешуді көздеген аудан әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан «Қошқарбек Нұрай» ӨК өкілдеріне тиесілі жерлерді тарату, аудан аумағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж немесе толық емес отбасы санаты бойынша кезекке тұру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар жекешелендіріп алу, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу, Абылайхан көшесіндегі дүңгіршектің жер телімін заң шеңберінде зерделеу секілді мәселелер қозғалды.
Тұрғындардың мәселесін тиянақты тыңдаған аудан басшысы ауылдық округ әкімдерімен, тиісті сала және бөлім басшыларымен бірлесіп, заң аясында түсіндірмелер берді. Мәселелерді тиімді шешу мақсатында жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Жеке қабылдауда қозғалған сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі