Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді:
1. 2024 жылы 6 айдағы жаңа жұмыс орындарын ашу және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы;
2. 2024 жылы 6 айдағы бюджет қаржысының игерілуі және берешек қарыздардың өндірілу барысы туралы;
3. Аудан әкімінің 2024 жылғы әкімдік және аппараттық мәжілістерінде берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе салықтың уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды. «Салық – қазына, төлеу – парыз» деп атап өтіп, тұрғындарға дұрыс бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізуді күшейту керегін айтты.
Сонымен қатар, мәжіліске қатысушы барша қызметкерлерге ел үшін жасап жатқан қызмет ортақ міндет екенін ескертіп, осы бағытта берілген барша тапсырмаларды уақытылы әрі тиянақты орындауды міндеттеді. Олай болмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын ескертті. Хаттамалық мәселелері бойынша ауыл округі әкімдері мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
© Didarbek.kz