Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙЫҚ!

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙЫҚ!

Аудан аумағында елді мекендердің ішкі жолдарын алмағанда алты жүз шақырымнан астам республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бар, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и трава
Сол жолдардың бойын күннің аптап ыстығына қарамастан күл-қоқыстан тазартып, шөбін шабуға ауылдық округ, кент әкімдіктерінің ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылары мен мамандары, жолды күтіп ұстауға жауапты мекеменің қызметкерлері белсене ат салысуда.
Құрметті жолаушылар және аудан тұрғындары мен қонақтары!
Жол жүргенде ішкен суларыңыз бен басқа да заттарыңыздың қалдықтарын жол бойына тастамай, бір ыдысқа жинап, арнайы орынға тастауларыңызды сұранамыз! «Тазалық оны сақтаған жерде болады»-демекші, күннің ыстық-суығына қарамай, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жандардың еңбегін бағалайық!
Ортақ үйіміздің көркейіп, гүлденуіне ат салысайық!
Возможно, это изображение 2 человека и дорога
Құрметпен, Түлкібас ауданының әкімдігі
© Didarbek.kz

Пікір жазу