Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ҰСЫНЫЛУДА ЕМЕС ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ»

АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ҰСЫНЫЛУДА ЕМЕС ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ»

Aудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Возможно, это изображение 15 человек, помост и текст
Бірінші мәселе аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтылуы туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Құрбанов сонымен қатар, «Нұра су құбыры» РМК Оңтүстік ауыз су филиалы Сарыағаш ТСЖ өндірістік бөлімінің басшысы
Б.Қалдыбаевтар баяндама жасады.
Қазіргі таңда, аудан бойынша жалпы 63 елді мекеннің 45 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Ауданға қарасты 4 елді мекенде жер асты су қорын іздеу, барлау жұмыстары аяқталып, бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақжар, Ақүй,Тасқұдық, Шеңгелді елді мекендері.Бұрғылау жұмыстары аяқталғын соң, нәтижесіне сәйкес орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамалар әзірленетін болады. Сонымен қатар, Дарбаза ауылдық округіне қарасты Сарысу елді мекенін орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысына сәулет-жоспарлау құжаттары жинақталуда. Алдағы уақытта , орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендер саны 95,2% қамту жоспарлануда.
Возможно, это изображение 9 человек
Күн тәртібіндегі келесі мәселе аудан аумағындағы ағын су каналдарын тазалау жұмыстар бойынша «Сарыағаш су шаруашылығы» МКК басшысы
Н.Алданазаров баяндады.
Қазіргі таңда, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалынан 254,0 млн текше метр ағын су алу үшін келісім-шартқа түзіліп, 42% су алынып, шаруаларға берілуде. Егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында сатып алынған техникалармен 252,8 шақырымды құрайтын 68 бірлік су нысандарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Осы жоспарға сәйкес бүгінгі таңда 71,5 шақырым немесе 28% cу арналары тазалаудан өткізілді.
Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен бірнеше су нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілуде. Атап айтқанда, Жібек жолы ауылдық округіндегі 54-тармақ каналының 350 метр бөлігін, Құркелес ауылдық округі аумағындағы Құлтума каналының апатты болып тұрған бастапқы 150 метр жерін бетонмен қаптау жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы Қасымбеков көшесі бойындағы тұрғын үйлерге фильтрациялық суларды болдырмау мақсатында Жеміс қойма қашыртқысына дренаж жүйесін орнату жұмыстары, Ақжар ауылдық округі Бағыс елді мекеніндегі Сифон құбырлы каналын қалпына келтіру,жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Бүгінде, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен Қызылжар ауылдық округіндегі «47-тармақ» каналына қосымша су беру жұмыстарын жүргізу үшін демеушілер есебінен жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, жеке сараптамадан өткізіліп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ, Қызылжар ауылдық округіндегі Шеңгелді қашыртқысын ағымдағы жөндеуге 6,1 млн.тг қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Айта кетсек, суғару маусымы барысында бірнеше каналдарда апатты жағдайлар орын алған болатын. Бүгінгі таңда, ақаулар қалпына келтіріліп, су беру жұмыстары жалғасын табуда.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сын-ескертпелер айтып, нақты тапсырмаларды мерзімдерімен міндеттеп, орындалуын бақылауда ұстайтындығын жеткізді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу