Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БАБАТА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 50 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

БАБАТА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 50 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекенінен жеке инвестор арқылы 50 орындық балабақшаның құрылысы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Бабата елді мекеніне барып, тұрғындардың талап-тілектері негізінде іске асып жатқан нысанның жай-күйімен танысты. Тұрғындармен тілдесіп, ашық әңгімелесті. Елді мекенде қосымша атқарылатын жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, жауаптыларға әрбір істі жіті бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, Бабата елді мекенінен балабақша салу мәселесі аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлының Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарымен өткен есептік жиынында көтерілген. Қазіргі таңда аталған мәселені шешу үшін жер телімін анықтау және жеке инвестор тарту сынды тиісті шаралар атқарылып, жаңа нысанның құрылысы басталды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақшаны жеке кәсіпкер Нұрман Назаров салуда. Ғимарат заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталмақ. Асхана, ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылып, балабақшада 15-ке тарта адам жұмыспен қамтылатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу