Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Aудан орталығында Ұлттық домбыра күні мерекесі аталып өтті. «Ту тұғыры» алаңында Созақтан шыққан 18 тұлғаның есімдері жазылған «Күй құдіреті» монументіне гүл шоқтары қойылып, күй өнері ұлықталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған Құрметті қонақтар мен барша тұрғындарды Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады.
— Әрбір отбасының төрінен орын алған қазақтың қара домбырасы қай уақытта болмасын рухымызды асқақтатып, халқымыздың мәдениетін айшықтай білді. Күмбірлеген қара домбыраның үні қайсыбірімізді болмасын тебірентері анық. Сан ғасырлық тарихтан тылсым сырын шерткен қасиетті Теріскей өңірінде күй өнерін насихаттаған талай таланттар дүниеге келді. Ықылас Дүкенұлы, Сүгір Әліұлы, берідегі Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров, Файзулла Үрмізов, Ергентай Борсабаев сынды дарынд күйшілеріміз күмбірлете күй орындап, күйшілік мектептің бастау бұлағына айналды. Тек күй ғана емес, тарихи мәдениетіміздің ата шежіресі екені ақихи шындық. Бабадан қалған бағалы мұрамызды қастерлеп, келер ұрпаққа насихаттау – біздің парызымыз. Біз осындай игі бастамалар арқылы ұлттық дәстүріміз бен рухани құндылықтарды нығайтуда мол табыстарға жететініміз сөзсіз,-деді аудан басшысы.
Возможно, это изображение 10 человек и свадьба
Келер ұрпаққа берері мол тағылымды шара одан әрі С. Қожанов атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейде дәстүрлі күй өнерін насихаттаушы Ергентай Борсабаевты еске алу кешімен жалғасты.
Шараға еліміздің әр өңірінен арнайы келген белгілі ғалымдар мен Құрметті қонақтар күйші жайында елдің есінде қалған естеліктерге тоқталды. Музейге күйшінің 1965 жылы жасалған қара домбырасы мен тұрмыста қолданылған заттары, үш тілде басылған «Қазақ күйлері антологиясы» кітабы табысталып, арнайы экспозициялық бұрыш ашылды.
Возможно, это изображение 13 человек и толпа
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің қобызшысы Құндыз Қаламбаева өз өнерін ортаға салып, А.Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің ұстаздары мен шәкірттері күмбірлете күй орындады. Созақтық таланттар Сәуле Аппазова мен Мархабат Бейсенова әсем ән орындап, шараға жиналған көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу