Түркістан облысының полицейлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, Созақ ауданы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Созақ аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Таукент қаласы көшелерінің бірінде есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты.
Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның спорттық киімінің қалтасынан өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі қағаз орамасын тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы шамамен 7 грамм «марихуана» болып шықты.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
© Didarbek.kz