Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме жетекшілері қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 13 человек
Күн тәртібіндегі аудандық медениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің атқарған жұмыстары мен жоспары туралы бөлім басшысы Нуриддин Асанбаев баяндама жасады.
Қазіргі таңда ауданда бөлімге қарасты
7 ауылдық мәдениет үйі, 5 ауылдық клуб пен 30-дан астам кітапхана, 1 спорт клуб және
1 орталық халыққа қызмет көрсетуде.
Возможно, это изображение 3 человека
Ауданда орналасқан спорт мекемелерінде спорттың 27 түрі дамытылып, (қазақ күрес, белбеу күресі, дзюдо, самбо, еркін күрес, панкратион, қол күрес, футбол, баскетбол, волейбол, бокс, жеңіл атлетика, гір спорты, каратэ-до, үстел теннис, грэпплинг, футзал, кіші футбол, аударыспақ, теңге алу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, таэквандо, шахмат, пауэрлифтинг, панкратион, джиу-джитсу), онда жалпы 191 жаттықтырушы, 6 466 баламен жұмыс жасап жатыр.
Бір ғана «Темірлан спорт клубы» КММ-сі 8 ауыл округте спорттың 9 түрін дамытып, оларда 1482 оқушы балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда.
«Артспорт» бағдарламасы 2023 жылдың басынан бері Шұбарсу, Темірлан Қызылжар елді мекендерінде жүзеге асып, 4 өнім беруші 624 баламен жұмыс жасап келеді.
2024 жылға 10-ға жуық өнім беруші жаңадан өтініш жіберген.
Сонымен қатар, ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылып өткізілетін шаралар да талқыға салынды.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Жиында осы және тағы да басқа мәселелер баяндалып, олардың кейбіреулері бойынша аудан әкімі тарапынан сын-ескертпелер айтылды. Әрбір кемшілік хаттамаға түсіріліп, олар бойынша нақты жұмыстар жүргізу туралы тапсырмалар берілді. Одан бөлек, қоғамдык саяси ахуал, табиғи газ жене ауыз су жүйесіне абоненттердің косылу, «Таза Казақстан» акциясының орындалу, азаматтарды әскер қатарына жолдау туралы мәселелер қаралды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу