Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ!

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ!

Төлеби ауданы әкімдігі, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “JAKE TAU” тур агентігімен бірлесе ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 100-ге жуық жастың қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сенбілік барысында Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, өзен жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, жабайы өскен, қураған ағаштар алынды. Жалпы жастар белсенді атсалысып, тазалыққа шақырып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Қоқыс шығарып қана қоймай командаға бөлініп, жарысып, көңіл көтеріп, белсенді жастар марапатталды.
Осы орайда, барша қазақстандықтарды тазалық акциясына атсалысып, үй маңын таза ұстауға шақырамыз. Құрылыс қалдықтарын арнайы орынға тастауларыңызды сұранамыз!
© Didarbek.kz

Пікір жазу