Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Бүгін әкімдік ғимаратында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Атаулы комиссияға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов төрағалық етіп, өзге комиссия мүшелері, тиісті бөлім және мекеме қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде өзекті 1 мәселе қаралды:
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары туралы.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Егізек және аудандық орталық ауруханасының ана мен бала жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Л.Шырынбековалар баяндама жасап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты талқыланып, комиссия төрағасы өз ұсыныстарын айтты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу