Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 497 АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 497 АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Елімізде экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» экоакциясы өтіп жатқаны белгілі. Бұл шараның басты мақсаты — тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға ынталандыру және белгіленбеген орынға қоқыс тастауды тоқтату, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Қала халқы «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп, қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосып келеді. Дегенмен, өз туған қаласының тазалығына немкетті қарайтын тұрғындар да баршылық.
Әкімдік мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрақты түрде рейд ұйымдастыруда. Жыл басынан бері қала көшелеріне және белгіленбеген орындарға құм-тас, құрылыс қалдықтары мен ұсақ қоқыс тастағандарға 497 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
Возможно, это изображение 2 человека
Құрметті қала тұрғындары!
Қоршаған ортаны қорғау — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір тұрғынның жауапкершілікті сезініп, өз үлесін қосуы маңызды. Тек осылай ғана біз болашақ ұрпаққа таза және көркем табиғатты қалдыра аламыз.
© Didarbek.kz

Пікір жазу