Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдық желілермен қамту, инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нысанда 48 метр ұзындықта су құбыры жалғау нүктесіне дейін бетон сақиналар қойылған.Сонымен қатар, нығыздалып көміліп, қосу нүктесіне қосылды. Газ полиэтилен 175 метр жерасты құбырлары орнатылып, жалғау нүктесіне жеткізілген. Сондай-ақ, электр сымдары тартылып, қосу нүктесіне дейін қосылған.
Мектеп ғимаратаның А,Г және В блогтарында кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.Нысанның іргетасының сыртқы топырағының нығыздау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, жұмысшыларды 100-ден асыруды, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.Сондай-ақ жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
Келесі кезекте аудан әкімі А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының мән-жайымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын саралай келе аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмыс қарқынын жеделдетіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ,аудан әкімі жұмыс барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
© Didarbek.kz