« Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосып, Шолаққорған-Шаян-Шымкент бағытына шығатын жолдың бойы мен аяқ жолдарды ретке келтіруге кірісті.

Тазалық жұмыстары кезінде жол бойындағы арам шөптерді отап, тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа белсене атсалысты.
© Didarbek.kz